Дэйна Уайт Макгрегордың ауыр жарақат алғанын мәлімдеді
UFC президенті Дэйна Уайт ирландиялық файтер Конор Макгрегордың UFC 329 турниріндегі жекпе-жекте тізесінің алдыңғы айқаспалы байламын (ACL) үзіп алуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz.
Макгрегор турнирдің басты кездесуінде америкалық Макс Холлоуэймен кездескен болатын. Жекпе-жектің алғашқы секундтарында сәтсіз қонған ирландиялық аяғын жарақаттап алып, орнынан тұру кезінде бірнеше рет тепе-теңдігін жоғалтты. Нәтижесінде төреші бірінші раундтың өзінде жекпе-жекті тоқтатып, Холлоуэйге техникалық нокаутпен жеңіс берді.
Жекпе-жектен кейін өткен баспасөз мәслихатында Дэйна Уайт Макгрегордың жарақатына қатысты пікір білдірді.
«Конор бес жылдан кейін октагонға оралғандықтан, кем дегенде бірінші раундта тартысты айқас көреміз деп күттім. Біздің болжамымыз бойынша, оның тізесінің алдыңғы айқаспалы байламы үзілген болуы мүмкін. Мен дәрігер емеспін, бірақ алғашқы сәтте-ақ осындай ой келді. Кейін дәрігерлер де осы болжаммен келісті», - деді UFC басшысы.
37 жастағы Конор Макгрегор кәсіби мансабында 22 жеңіске жетіп, жеті рет жеңілген. Ол UFC тарихында жартылай жеңіл және жеңіл салмақ дәрежелерінде чемпиондық белбеулерді иеленген санаулы спортшылардың бірі.
Айта кетейік, Макгрегор бұған дейінгі жекпе-жегін 2021 жылдың шілдесінде америкалық Дастин Порьеге қарсы өткізіп, сол кездесуде аяғын сындырып алған еді.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған