Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов жаңа ұйым – Karate Combat промоушеніндегі дебютін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында өткен Karate Combat 57 турнирінде америкалық Тайлер Хиллмен кездесті. Айқас бірінші раундтың өзінде-ақ нокаутпен аяқталып, жеңіс Исмағұловтың еншісіне жазылды.
Бұл нәтиже қазақстандық спортшының жаңа ұйымдағы мүмкіндігін айқын көрсетіп, жанкүйерлер тарапынан жоғары бағаланды.
Айта кетейік, Дамир Исмағұловтың ММА-дегі кәсіби көрсеткіші – 27 жеңіс және 3 жеңіліс. Ол Ресейдің Орынбор облысында туған. 2018–2023 жылдар аралығында UFC ұйымында өнер көрсетіп, жеті жекпе-жектің бесеуінде жеңіске жеткен болатын.
Фото: © Mike Roach / Contributor / UFC / Gettyimages.ru