Чарльз Оливейра Макс Холлоуэйді жеңіп, BMF белбеуін иеленді
Лас-Вегаста өткен UFC 326 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық файтер Чарльз Оливейра америкалық Макс Холлоуэйді айқын басымдықпен жеңіп, символикалық BMF белбеуінің жаңа иегері атанды.
Жекпе-жек жеңіл салмақта өтіп, бес раундқа жоспарланған болатын. Кездесу толық бес раундқа созылып, төрешілер шешімімен аяқталды. Үш төреші де жеңісті бірауыздан Оливейраға берді–50:45, 50:45, 50:45.
Осылайша бразилиялық спортшы аралас жекпе-жектегі мансабындағы 37-жеңісіне жетіп, тағы бір титулды қоржынына қосты. Ал Макс Холлоуэй үшін бұл ММА-дағы тоғызыншы жеңіліс болды. Қазіргі таңда Холлоуэйдің рекорды – 27 жеңіс, 9 жеңіліс.
Айта кетейік, UFC-дің жеңіл салмақтағы негізгі чемпионы – Испания атынан шығатын грузиялық файтер Илия Топурия (17-0). Ол 14 маусымда Вашингтондағы Ақ үйде өтетін UFC турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Джастин Гэтжимен (27-5) кездеседі. Гэтжи қазіргі уақытта осы дивизиондағы уақытша чемпион саналады.
Айта кетерлігі, Оливейра мен Холлоуэй бұған дейін де кездескен. 2015 жылдың тамызында өткен алғашқы айқаста Холлоуэй бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. Ол кезде бразилиялық файтер өңешінен алған жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Фото: GettyImages
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған