Мәзір
ММА

Бұрынғы UFC жауынгері Қазақстан азаматтығын алғанын мәлімдеді

Сабина Асқарқызы 44 қаралым
Бұрынғы UFC жауынгері Қазақстан азаматтығын алғанын мәлімдеді

Бұрынғы UFC жауынгері Дамир Исмағұлов Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Спортшы бұл жаңалықты Palm Athletes подкастында жариялап, енді ресми түрде Қазақстан азаматы екенін айтты.

«Өмірде қызық жағдайлар болып жатады. Мен мұны ұзақ күттім. Енді ресми түрде Қазақстан Республикасының азаматымын деп айта аламын. Мүмкін, алда мені Азия ойындары күтіп тұрған шығар. Сондықтан дайындала береміз», – деді Исмағұлов.

Бұған дейін Дамир Исмағұлов Ресей азаматтығына ие болғанымен, халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап келген.

Еске салсақ, 2026 жылғы Азия ойындары қыркүйек-қазан айларында Жапонияда өтеді. Биыл алғаш рет құрлықтық дода бағдарламасына аралас жекпе-жек (MMA) енгізілді.

 

Фото: Global Look Press

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар