«Бұл – үлкен тәуекел». Сарапшы Шавкат Рахмоновқа Майкл Моралеспен жекпе-жекке асықпауға кеңес берді
АҚШ-та тұратын аралас жекпе-жек журналисі әрі сұхбат жүргізушісі Владимир Горностаев қазақстандық Шавкат Рахмоновтың октагонға оралғаннан кейін бірден Майкл Моралеспен жекпе-жек өткізуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Sports.kz порталына берген сұхбатында ол мұндай кездесу Шавкат үшін үлкен сынақ болатынын айтты.
Менің ойымша, бұл Шавкат үшін өте күрделі сынақ болар еді. Ұзақ үзілістен кейін бірден Майкл Моралес сияқты қауіпті нокаутерге қарсы шығу – үлкен тәуекел. Бірақ егер Шавкат толық қалпына келіп, физикалық тұрғыдан дайын болса, мұндай жекпе-жек оны бірден чемпиондық белбеу үшін таласқа қайта қоса алады. Ең бастысы – асықпай, жарақаттан кейінгі жағдайын дұрыс бағалау, – деді Владимир Горностаев.
Қазіргі таңда Шавкат Рахмонов тізесіндегі ауыр жарақатының қайта асқынуынан кейін оңалу кезеңінен өтіп жатыр.
Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған