Мәзір
ММА

Бүгін Жалғас Жұмағұлов «Еуропалық UFC» титулы үшін айқасады

Сабина Асқарқызы 107 қаралым
Бүгін Жалғас Жұмағұлов «Еуропалық UFC» титулы үшін айқасады

Бүгін түнде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (18-9) чехиялық спортшы Давид Дворжакпен (22-6) Прагада Oktagon 81 турнирінде титулдық жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жұмағұлов пен Дворжак Oktagon лигасының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады. Қазіргі таңда белбеу Қазақстан спортшысының еншісінде. Жекпе-жектің тікелей трансляциясы шамамен Қазақстан уақытымен 02:00-де басталады және оны лиганың ресми сайтынан көруге болады.

Еске салсақ, Жалғас Жұмағұлов титулды маусым айында жеңіп алған: ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен грузиялық Бено Адамиді (12-9-2) ұтты. Ал келесі қарсылас Дворжак қыркүйекте Ирак өкілі Мохаммед Валидті (8-5) бірінші раундта нокаутпен жеңген.

 

 

Фото: Спортс.кз

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар