Мәзір
ММА

Брэндон Ройвал Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды

Сабина Асқарқызы 49 қаралым
Брэндон Ройвал Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 329 турнирінде америкалық файтер Брэндон Ройвал әсерлі жеңіске жетіп, жекпе-жектен кейін қазақстандық Асу Алмабаевты октагонға шақырды, деп хабарлайды malimsports.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Жеңіл салмақтағы рейтингі жоғары спортшылардың бірі саналатын Ройвал турнир аясында британдық Лонир Каванамен кездесті. Тартысты өткен айқаста америкалық екінші раундта қарсыласының ауыр соққысынан нокдаунға түссе де, жекпе-жектің аяқталуына аз уақыт қалғанда тұншықтыру әдісін сәтті қолданып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Бұл кездесу UFC 329 турнирінің ең үздік жекпе-жегі деп танылып, екі спортшы да 100 мың доллар көлеміндегі бонусты иеленді.

Жекпе-жектен кейін Брэндон Ройвал октагонда сөз сөйлеп, қазақстандық файтер Асу Алмабаевпен күш сынасқысы келетінін айтты.

«Мен – хаостың шеберімін. Әдемі төбелескім келер еді, бірақ менің стилім басқа. Мен айқасуға шығамын, бұл – менің өмірім. Асу Алмабаев, кел, жекпе-жек өткізейік! Сен мықты спортшысың, сондықтан сенімен кездескім келеді», – деді америкалық.

Айта кетейік, Брэндон Ройвал UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі үздік файтерлердің бірі саналады. Сарапшылардың пікірінше, бұл жеңістен кейін ол дивизионның үздік үштігіне енуі мүмкін.

Ал Асу Алмабаев үшін Ройвалмен болатын ықтимал жекпе-жек UFC рейтингіндегі орнын жақсартып, чемпиондық белбеуге таласуға жақындай түсуге мүмкіндік береді.

Фото: sports.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар