Қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Бекзат Алмахан UFC Fight Night 280 турнирінде бразилиялық Жан Мацумотоға есе жіберді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әзербайжанның Баку қаласында өткен жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (29:28) Жан Мацумотоның пайдасына аяқталды.
Бұл кездесу Бекзат Алмаханның UFC ұйымымен қазіргі келісімшарты аясындағы соңғы жекпе-жегі болды.
Осылайша, қазақстандық файтер UFC-дегі төртінші кездесуінде үшінші жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, UFC Fight Night 280 турнирінің басты жекпе-жегінде Қазақстанда туған Рафаэль Физиев мексикалық Мануэль Торреспен жеңіл салмақта күш сынасады.
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC