«Балаларынан да бас тартты»: Шавкат Рахмоновтың жары күйеуінің тастап кеткенін мәлімдеді
Аралас жекпе-жектен әлемге танымал файтер Шавкат Рахмоновтың төрт баласын тастап, әйелімен ажарысқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы оның әйелі Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі ресми парақшасында елдің назарын өзіне аударып, отбасындағы келеңсіз оқиғаны көпшілікке жариялады. Спортшының әйелі өз жазбасында балаларының жайын айта келе, күйеуінің өзінен ғана емес, 4 баласынан да бас тартқанын көпшілікке күйінішпен хабарлады.
«Ешқашан осындай қамқор әке бір күнде өзгеріп, “балаларды енді алып келме” деп айтады деп ойламаппын. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім, қазір бесіншісін күтіп жүрмін. Егер балалар әкесіне керек болмаса, онда балаларға да ондай әке қажет емес», - деп жазды Гүлайым Рахмонова.
Қазіргі уақытта Шавкат Рахмоновтың тарапынан аталған оқиғаға қатысты растаған пікір айтылған жоқ.
2025 жылдың ортасында файтердің жары Гүлайым Рахмонова Жамбыл облысында жол талғамайтын көлікпен апатқа ұшырап, соңы адам өлімімен аяқталған еді. 2026 жылдың наурыз айында бұл іске қатысты сот процесі өткен болатын.
Шавкат Рахмонов UFC лигасында бірнеше жекпе-жек өткізіп, әзірге октагонда есе жіберген жоқ. Ол еліміздің атын халықаралық аренада танытып жүрген танымал спорт жұлдыздарының бірі саналады. Оны 4 жыл бұрын мемлекет басшысы арнайы қабылдап, кейін спортшы өзіне ерекше құрмет көрсетілгенін айтқан-тын.
Фото: Ашық дереккөзден
Конференция лигасы: ширек финалға шыққан командалар анықталды
Ең көп оқылған