Қазақстандық UFC жауынгері Азат Мақсұм (15-2, UFC: 1-2) алдағы UFC 321 турнирі алдындағы ресми салмақ өлшеу кезінде шектеулі салмақтан асып кетті.
Ресми таразыларда Мақсұмның салмағы 58,51 кг (129 фунт) болып тіркелді – бұл белгіленген наилегчай салмақ лимитінен 1,36 кг артық. Ал оның қарсыласы, америкалық Митч Рапосо (9-3, UFC: 0-2), өз салмағын сәтті жасап, 56,93 кг (125,5 фунт) көрсетті.
Дегенмен, жекпе-жек жоспарланғандай өтеді, алайда Мақсұм өзінің гонорарының 30 пайызын қарсыласына береді.
Айта кетейік, UFC 321 турнирі 25 қазан күні Абу-Дабиде (БАӘ) өтеді.
Азат Мақсұм 2023 жылдың жазында UFC-де дебют жасаған, алғашқы жекпе-жегінде америкалық ардагер Тайсон Нэмді төрешілер шешімімен жеңіп, өз жеңіліссіз сериясын 15 жекпе-жекке дейін созған болатын.
Алайда кейінгі кездесулерде сәтсіздікке ұшырады – алдымен Чарльз Джонсонға, кейін Хабиб Нұрмагомедовтың командасындағы ресейлік Тагир Уланбековке ұпай санымен есе жіберді.
UFC 321 турнирінде Мақсұм жеңіске жетіп, өз мансабындағы жаңа серпін беруді көздеп отыр.
Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images