Асу Алмабаевтың жеңісінен кейін команда өкілдері жоспарларын айтты
Қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (23-3) Дохада өткен UFC Fight Night 265 турнирінде америкалық Алекс Пересті (25-10) мерзімінен бұрын жеңуі Dar Team командасы үшін маңызды оқиға болды. Жеңістен кейін команданың бас бапкері Эдуард Базров сайтына алдағы жоспарларымен бөлісті.
Бапкердің айтуынша, команда қазір өте қарқынды жұмыс кезеңінде.
«Біз өте маңызды әрі сенімді жеңіске қол жеткіздік. Қазір негізгі жоспарым – Осетияға бару. Онда бір аптадан бері біздің командадағы мықты үш спортшы – Фаниль Рафиков, Шахзод Мирзаев пен Мейірбек Есқазиев дайындалып жатыр», – деді Базров.
Фаниль Рафиков 20 желтоқсанда өтетін Fight Nights гран-при турниріне дайындалып жатыр. Алайда оған қарсылас табу оңай болмай тұр:
Екі америкалық спортшы жекпе-жектен бас тартқан: бірі жарақатына, екіншісі отбасы жағдайына байланысты.
Fight Nights президенті Камил Гаджиев Фанильге лайықты қарсылас табуға уәде берген.
Турнир Мәскеуде өтеді, жүлде қоры – 1 миллион доллар.
Шахзода Мирзаев болса, 20-22 желтоқсан аралығында UAE Warriors турнирінде айқасқа шығады.
Ал Мейірбек Есқазиев Naiza FC ұйымдастыруымен өтетін жекпе-жекке дайындық үстінде.
Базровтың айтуынша, Dar Team үшін ең үлкен мақсаттардың бірі – Шавкат Рахмоновтың келесі UFC айқасы:
«Сонымен қатар бізде Шавкат бар, онымен келесі жылға дайындық жүргіземіз. Жаңа жылдан кейін айқас өткіземіз деп үміттенеміз», – деді ол.
Шавкат Рахмонов UFC-дегі жартылай орта салмақтың топ-5-інде тұр және титулдық белбеуге бір табан жақын.
Фото: әлеуметтік желі
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған