Мәзір
ММА

Асу Алмабаевтың жаттықтырушысы дайындық барысын айтты

Сабина Асқарқызы 114 қаралым
Асу Алмабаевтың жаттықтырушысы дайындық барысын айтты

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев-тың жаттықтырушысы, DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров ММА жұлдызының алдағы жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын айтып берді.Бұл туралы Betonmobile хабарлады.

Айта кетейік, Асу Алмабаев Брэндон Морено-мен 28 ақпанда Мексикада өтетін UFC Fight Night 268 турнирі аясында кездеседі.

Бапкердің айтуынша, дайындық жоспарға сай жүріп жатыр.

«Асудың дайындығы бірқалыпты өтіп жатыр, бәрі жақсы. Қазір ол жұбайымен бірге 3-4 күнге Сауд Арабиясына ұшып кетті, умра сапарына барды. Жақын күндері елге оралады да, жаттығуды қайта жалғастырамыз.Алдағы уақытта оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Ешқандай жаңалық ойлап таппаймыз, бәрі бұрынғы жоспар бойынша. Бутаковкадағы тауда орналасқан базамызға барып, 21 күн дайындаламыз», - деді Эдуард Базров.

Сонымен қатар, команда Мексикаға ертерек аттануды жоспарлап отыр.

«Таудан түскен соң бірден Мексикаға ұшамыз. Жоспар бойынша 4 немесе 5 ақпанда деп отырмыз. Бұл жолы акклиматизацияға көбірек көңіл бөлмекпіз. Сондықтан бұрынғыдай 21 күн емес, 24-25 күн бұрын барамыз. Мексикада климат басқа, уақыт белдеуі өзгеше, теңіз деңгейінен биіктігі – 2240 метр. Сол себепті бейімделу үшін қосымша 5 күн қор қалдырамыз», – деп түсіндірді бапкер.

Еске салайық, бұл жекпе-жек Асу Алмабаев үшін UFC-дегі ең маңызды сындардың бірі болмақ.

Фото: UFC

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар