Асу Алмабаевтың Real American Freestyle ұйымындағы алғашқы қарсыласы анықталды
Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаевтың Real American Freestyle (RAF) ұйымындағы дебюттік белдесуіндегі қарсыласы ресми түрде белгілі болды, деп жазады malimsports.kz.
Ұйымның баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 тамызда өтетін RAF 12 турнирінде Алмабаев америкалық Джонни Диджулиуспен күш сынасады. Жартылай жеңіл салмақтағы кездесу АҚШ-тың Огайо штатындағы Кливленд қаласындағы Rocket Arena спорт кешенінде өтеді.
Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесі рейтингінде бесінші орында тұр.
Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 27 маусымда Бакуде өткен UFC Fight Night 280 турнирінде өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Осылайша, Алмабаев енді Real American Freestyle ұйымындағы алғашқы белдесуінде өз мүмкіндігін сынап көрмек.
Фото: Асу Алмабаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған