457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асу Алмабаев Жазғы Азия ойындарында өнер көрсетуі мүмкін

XX жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді.

Alash Pride ММА лигасының негізін қалаушы әрі ҚР Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов UFC жауынгері Асу Алмабаевтың 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бірінші бол» YouTube арнасына берген сұхбатында, Қасқарауов биыл қыркүйек айында өтетін Азия ойындары құрлықтағы үздік спортшыларды анықтауға үлкен мүмкіндік беретінін айтып отыр. Жарыста алты салмақ дәрежесі қарастырылған, оның ішінде Қазақстан төрт ер және бір әйел спортшыны іріктей алады.

Қасқарауов қазіргі таңда басты бәсекелестер Қырғызстан спортшылары екенін атап өтті. Қазақстан құрамасының нақты тізімін мамыр айында федерация президенті Сағындық Мекеев жариялайды.

"Бұл біз үшін үлкен сынақ әрі жетістік. Біз ұзақ жылдар бойы қаржыландырусыз дамып келеміз. Осындай ірі жарыстан кем дегенде екі алтын медаль алсақ, бұл үлкен жетістік болады", - деді ол.

Сондай-ақ ол танымал спортшылардың да қатысу мүмкіндігі бар екенін айтты.

"Мысалы, Асу Алмабаевты апара аламыз ба деген сұраққа келсек, оның UFC-дегі жекпе-жектер кестесіне, денсаулығы мен жарақатына байланысты болады. Бұл мамыр айында Өзбекстанда өтетін AMMA-ның төртінші чемпионатында белгілі болады. Себебі онда допингтік тексеріс өте қатаң жүргізіледі", - деді Қасқарауов.

Оның сөзінше, Саламат Исбулаев қатысқан жағдайда Қазақстан құрамасы кем дегенде бір алтын медальға үміткер бола алады.

Айта кетейік, 2025 жылдың наурыз айының басында Азия Олимпиадалық кеңесі ММА спортын ресми түрде 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізді. Жарыста 6 медаль жиынтығы сарапқа салынады (ерлер арасында - 4, әйелдер арасында - 2).

XX жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді. ММА бәсекелері Нагоя қаласындағы Inae Sports Center спорт кешенінде ұйымдастырылады.

Фото: Ашық дереккөзден