UFC Әзербайжанның Баку қаласында өткен UFC Fight Night 280 турнирінде жарқын жеңіске жеткен спортшыларға ақшалай сыйақы тағайындады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Марапатталғандардың қатарында қазақстандық файтер Асу Алмабаев (24-3) та бар. Ол үшінші раундта америкалық Чарльз Джонсонды (19-9) ауырту әдісімен жеңіп, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын.
«Кештің үздік өнері» номинациясы бойынша Алмабаев 100 мың АҚШ доллары көлемінде бонусқа ие болды.
Осындай сыйақыны Әзербайжан өкілі Рафаэль Физиев (14-5), түркиялық Абдул-Рахман Яхьяев (10-0) және украиналық Даниил Донченко (14-2) да иеленді.
Ал мерзімінен бұрын жеңіске жеткені үшін 25 мың долларлық бонус Әзербайжан файтері Тағир Абдуллаев (22-3), аустралиялық Каан Офли (14-4-1), өзбекстандық Нурсұлтон Рузибоев (37-9-2), бразилиялық Матеус Камило (11-3) және Германия атынан өнер көрсететін Абусупьян Магомедовке (29-7-1) табысталады.
Фото: instagram/asu_zulfikar57