Мәзір
ММА

Асу Алмабаев UFC рейтингісінде бір сатыға төмендеді

Сабина Асқарқызы 102 қаралым
Асу Алмабаев UFC рейтингісінде бір сатыға төмендеді

Абсолютті жекпе-жек чемпионаты (UFC) ресми сайтында барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлады malimsports.kz.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (аса жеңіл салмақ дәрежесі) бір орынға төмендеп, қазір сегізінші орында тұр.

31 жастағы қазақстандық файтер 28 ақпанда Мехикода (Мексика) өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде өнер көрсетуі тиіс болған. Ол мексикалық Брэндон Мореномен кездесуі керек еді. Алайда Алмабаевтың жарақатына байланысты жекпе-жек өтпей қалды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Алмабаев UFC рейтингінде тұрған Қазақстанның жалғыз өкілі. Бұған дейінгі жаңартуда тағы бір қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов ұзақ уақыт жекпе-жек өткізбегені себепті орта салмақ рейтингінен шығарылған болатын.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар