Асу Алмабаев UFC рейтингінің екі нұсқасында да жоғарылады
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев аса жеңіл салмақтағы рейтингтің екі нұсқасында да өз позициясын жақсартты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Түрлі аналитикалық модельдер мен сарапшылардың бағалауына негізделетін Meta UFC Rankings рейтингінде қазақстандық спортшы алтыншы орыннан бесінші сатыға көтерілді.
Бұл тізімде Алмабаевтың алдында қазіргі чемпион Джошуа Ван, бұрынғы чемпион Александр Пантожа, Манель Капе, Брэндон Ройвал және Тацуро Тайра тұр.
Ал UFC-дің БАҚ өкілдері дауыс беру арқылы жасалатын ресми рейтингінде Асу бірден екі орынға жоғарылап, жетінші сатыға жайғасты. Оның алдында Джошуа Ван, Александр Пантожа, Манель Капе, Тацуро Тайра, Брэндон Ройвал, Кёдзи Хоригути және Лонеэр Кавана орналасқан.
Асу Алмабаев UFC-дегі дебютін 2023 жылы өткізіп, аз уақыт ішінде дивизионның үздіктерінің қатарына қосылды. Ол Оде Осборн, Си Джей Вергара, Хосе Джонсон және Матеус Николауды жеңіп, алғашқы басты жекпе-жегіне шықты. Кейін Манель Капеден жеңілгенімен, Хосе Очоа, Алекс Перес және Чарльз Джонсонды жеңіп, жеңісті жолына қайта оралды.
Қазіргі уақытта Асу Алмабаев – UFC рейтингінде тұрған Қазақстанның жалғыз файтері.
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC/gosrezerv.kz
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған