Асу Алмабаевқа қатысты қуанышты жаңалық хабарланды
Абсолютті жекпе-жек чемпионаты (Ultimate Fighting Championship – UFC) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC 326 турнирінен кейін барлық салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады.
Жаңартылған тізімде ең жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев (23-3) екі сатыға жоғарылап, жетінші орынға көтерілді. Бұған дейін ол тоғызыншы орында тұрған еді.
Осылайша Алмабаев UFC рейтингінде қалған Қазақстаннан жалғыз спортшы болып отыр.
Ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу америкалық Джошуа Ванға (16-2) тиесілі. Ал португалиялық Манель Капе (22-7) рейтингте екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті жапониялық Тацуро Таира түйіндеп тұр.
Айта кетейік, Асу Алмабаев 1 наурыз күні Мехико қаласында (Мексика) өткен UFC Fight Night 269 турнирінде бұрынғы екі дүркін чемпион Брэндон Мореномен (23-10-2) жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда дайындық барысында спарринг кезінде қолын сындырып алып, кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.
Осыған байланысты ол біраз уақыт рейтингте төмендеген еді. Дегенмен соңғы жаңартуда қазақстандық файтер қайтадан жетінші орынға көтеріліп, Моренодан да жоғары тұр.
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған