Асу Алмабаев UFC рейтингінде екі сатыға көтерілді
Абсолютті жекпе-жек чемпионаты - Ultimate Fighting Championship ұйымы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінен кейін барлық салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жаңартылған тізімде қазақстандық файтер Асу Алмабаев екі сатыға жоғарылап, ең жеңіл салмақта (flyweight) 7-орынға көтерілді. Бұған дейін ол рейтингте тоғызыншы орынға сырғып кеткен болатын.
Аталған салмақта чемпиондық белбеу америкалық Джошуа Ванның еншісінде. Ал Алмабаевты жеңген португалиялық файтер Манель Капе рейтингте екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті жапониялық Тацуро Таира түйіндеп тұр.
Еске салайық, Асу Алмабаев 1 наурыз күні Мексикада өткен UFC Fight Night 269 турнирінде бұрынғы чемпион Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда қазақстандық спортшы жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан еді.
Кейін Брэндон Морено октагонда англиялық Лонер Каванамен кездесіп, жеңіліс тапты. Осы жағдайлардан кейін рейтинг жаңарып, қазақстандық файтер қайтадан жоғарылап, үздік жетілікке енді.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған