Асу Алмабаев UFC рейтингінде алтыншы орынға көтерілді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дің жаңартылған рейтингінде бір саты жоғарылап, аса жеңіл салмақта алтыншы орынға көтерілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Рейтинг жаңартуы Бакуде өткен UFC турнирінен кейін жарияланды. Аталған жарыста Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта аяққа ауырту әдісін сәтті қолданып, мерзімінен бұрын жеңді.
32 жастағы қазақстандық файтер осымен UFC-дегі қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Кәсіпқой мансабында оның еншісінде 24 жеңіс және үш жеңіліс бар.
Қазіргі уақытта UFC-дің аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі америкалық Джошуа Ванға тиесілі.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған