Асу Алмабаев UFC Mexico турнирінің басты жекпе-жегінен шықпай қалды
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев 28 ақпанда Мехико қаласында өтетін UFC турнирінің басты жекпе-жегінде Брэндон Мореномен кездесуге шықпайды. Бұған спортшының алған жарақаты себеп болған, деп хабарлайды malimsports.kz.
Басылым америкалық инсайдер Кевин Крейзиге сілтеме жасап, Алмабаевтың бұрынғы UFC чемпионы Брэндон Мореномен жекпе-жектен шығып қалғанын мәлімдеді. Бұл кездесу UFC Mexico турнирінің басты оқиғасы ретінде жоспарланған еді.
Қазіргі таңда Асу Алмабаевтың орнына кім шығатыны әзірге белгісіз. Аталған жекпе-жек қазақстандық спортшының мансабындағы ең ірі кездесу болуы тиіс еді.
Сонымен қатар «Спорт Шредингера» Telegram-арнасының мәліметінше, Dar Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Алмабаевтың турнирге қатыспайтынын растаған. Оның айтуынша, файтер жаттығу барысында қолын сындырып алған.
Еске салайық, бұған дейін Асу Алмабаев Дохада өткен турнирде америкалық Алекс Пересті үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, UFC-дің жеңіл салмақ (56,7 кг дейін) рейтингінде жетінші орынға көтерілген болатын.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған