Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық аса жеңіл салмақтағы файтер Асу Алмабаев UFC Fight Night 280 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әзербайжанның Баку қаласында өткен турнирдің негізгі кардында «Зұлфықар» лақап атымен танымал қазақстандық спортшы америкалық Чарльз Джонсонды жеңді.
Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Алмабаев қарсыласын аяғына жасалған ауырту әдісіне түсіріп, берілуге мәжбүр етті.
Бұл 32 жастағы қазақстандықтың өткен жылы Манел Капеден жеңілгеннен кейінгі қатарынан үшінші жеңісі болды.
Сонымен қатар Асу Алмабаев отандастары үшін де есе қайтарды. Бұған дейін Чарльз Джонсон UFC-де қазақстандық файтерлер Жалғас Жұмағұлов пен Азат Мақсұмды жеңген болатын.
Фото: instagram.com/ufc
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған