Асу Алмабаев Қатарда өткен UFC турнирінде айқын жеңіске жетті
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (23-3) Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде кезекті жарқын жеңісіне қол жеткізді.
Ол аса жеңіл салмақта америкалық тәжірибелі файтер Алекс Переспен (25-10) октагонға шықты.
Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Үшінші раундта Алмабаев қарсыласын қылғындыру әдісімен (submission) жеңіп, өзінің басымдығын толық дәлелдеді.
Бұл Асу Алмабаевтың ММА-дегі кәсіби мансабындағы 23-жеңісі, ал Алекс Перес үшін бұл – оныншы жеңілісі.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұған дейінгі айқасында Хосе Очоаны сенімді түрде жеңген. Ал Перес соңғы кездесуінде жапониялық Тацуро Таирадан техникалық нокаутпен ұтылған болатын.
Асу Алмабаев қараша айының басында Қатарға барып, UFC турниріне дайындық жүргізген еді.
Асу Алмабаев туралы қысқаша мәлімет
Туған жылы: 1994
Туған жері: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылы
Салмақ дәрежесі: Аса жеңіл салмақ (Flyweight)
UFC-дегі көрсеткіші: 6-1
Алмабаевтың бұл жеңісі оның UFC-дегі позициясын нығайта түсті және рейтингте жоғарылауға үлкен мүмкіндік береді.
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған