457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асу Алмабаев экс-чемпион Брэндон Мореномен Мексикада жекпе-жек өткізеді

Бұл айқас UFC Fight Night 269 турнирінің негізгі жекпе-жегі болмақ.

UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі (56,7 кг) рейтингте 7-орында тұрған қазақстандық файтер Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін Мексикада өткізеді.

UFC ұйымы әлеуметтік желідегі ресми X (Twitter) парақшасында 2026 жылғы 28 ақпанда Мексикада өтетін турнирдің басты жекпе-жегін ресми түрде жариялады.

Аталған кештің басты оқиғасында Алмабаев UFC-дің бұрынғы екі дүркін чемпионы, рейтингте 4-орында тұрған мексикалық Брэндон Мореномен күш сынасады. Бұл айқас UFC Fight Night 269 турнирінің негізгі жекпе-жегі болмақ.

Айта кетейік, Асу Алмабаев – UFC тарихында кештің басты жекпе-жегіне шыққан Қазақстанның жалғыз өкілі. Бұған дейін ол UFC Fight Night 253 турнирінде португалиялық Манел Капемен кездесіп, сол жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңілген еді.

Брэндон Морено UFC-де екі рет чемпион атанған тәжірибелі спортшы. Қазіргі таңда ол соңғы жекпе-жегінде жапон файтері Тацуро Таирадан жеңіліп, рейтингтің төртінші сатысында тұр.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қараша айында Қатардың Доха қаласында өткен UFC Fight Night турнирінде Асу Алмабаев америкалық Алекс Пересті үшінші раундта қылғындыру әдісімен жеңіп, рейтингте бір сатыға көтеріліп, ең жеңіл салмақта 7-орынға табан тіреген болатын.

Егер Алмабаев Брэндон Моренодан басым түссе, оның алдында UFC чемпионы атағына тікелей таласу мүмкіндігі ашылады. Қазіргі таңда ең жеңіл салмақтағы UFC чемпионы — АҚШ-та тұратын, Мьянма тумасы Джошуа Ван.

Фото: Chris Unger/Zuffa LLC