Асу Алмабаев ACBJJ лигасымен келісімшартқа қол қойды
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев ресейлік ACBJJ лигасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Осылайша қазақстандық спортшы аталған промоушенмен келісімге келген UFC өкілдерінің қатарына қосылды.
Лига таратқан мәліметке сәйкес, Асу Алмабаев алдағы ACBJJ турнирлерінде өнер көрсетеді. Алайда оның нақты қай жарыстарға қатысатыны әзірге жарияланған жоқ.
ACBJJ-ге қош келдің, Асу Алмабаев! – деп жазды ұйымның ресми әлеуметтік желідегі парақшасы.
Айта кетейік, Асу Алмабаев бұған дейін америкалық Real American Freestyle (RAF) лигасымен де келісімшарт жасаған. Қазақстандық спортшы 22 тамызда Кливленд қаласында өтетін турнирде америкалық Джони Дижилиуспен белдеседі.
Фото: Фото: instagram/asu_zulfikar57
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған