457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Арман Царукян АҚШ-тағы турнирден кейін жаппай төбелеске қатысты

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ресми органдар мен ұйымдастырушылар тарапынан нақты шешім жарияланған жоқ

UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс файтер Арман Царукян АҚШ-та өткен турнирден кейін дауға қалды.

Оқиға RAF еркін күрес лигасының Аризона штатының Темпе қаласында ұйымдастырған кешінде болды. Царукян америкалық балуан Джордж Пулласпен еркін күрес ережесі бойынша белдесіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Алайда белдесу аяқталғаннан кейін күтпеген жағдай орын алды. Финалдық ысқырықтан соң Царукян қарсыласын қайтадан құлатып, бірнеше рет жұдырық жұмсаған. Осы сәтте екі спортшының командалары араласып, жанжал жаппай төбелеске ұласты.

Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, белдесу барысында Пуллас Царукянды сөзбен арандатып, тіпті шапалақ жасаған болуы мүмкін. Бұл жағдай қақтығыстың өршуіне себеп болғаны айтылады.

Айта кетейік, бұған дейін де Арман Царукян АҚШ-та жанкүйермен болған келеңсіз оқиғадан кейін тәртіптік жазаға тартылып, ашуды бақылау курстарынан өтуге міндеттелген еді. Соңғы жағдай спортшыға қосымша санкциялар салынуына себеп болуы ықтимал.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ресми органдар мен ұйымдастырушылар тарапынан нақты шешім жарияланған жоқ.

Фото: brobible.com