457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде америкалық Оди Осборнмен (13-9) кездескен болатын

Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс (10-1) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюттік жекпе-жегіне АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткен Fight Night 267 турнирінде шығып, америкалық Оди Осборнмен (13-9) кездескен болатын. Ең жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Ә.Ыдырыс жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық спортшы кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісін тіркеп, UFC-де алғашқы қадамын сәтті жасады. Оның қарсыласы Оди Осборн кәсіби ММА-дағы оныншы жеңілісіне ұшырады.

Еске салсақ, бұған дейінгі жекпе-жегінде Ыдырыс та UFC турнирінде өнер көрсеткен, алайда ол кезде жекпе-жекте тек промоушенмен келісімшарт ұтысқа тігілген болатын. Кейін Әліби  UFC-мен төрт жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды.

Бұған дейін қазақстандық файтер Николай Веретенников Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 113 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, UFC-ден алғаш рет бонустар алғаны хабарланған еді.

Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC