69 секундта жеңілген Конор Макгрегордың қанша табыс тапқаны белгілі болды
UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор бес жылдық үзілістен кейін октагонға қайта оралды. Алайда оның камбэгі сәтсіз аяқталғанымен, рекордтық көлемде табыс тапты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Лас-Вегаста өткен UFC 329 турнирінің басты жекпе-жегінде Макгрегор америкалық Макс Холлоуэйге бірінші раундтың небәрі 69-секундында техникалық нокаутпен есе жіберді. Жекпе-жектің басында Конор тізесінен жарақат алғаннан кейін төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.
Соған қарамастан Макгрегор бұл жекпе-жек үшін жалпы 32 миллион доллар табыс тапқан. Оның ішінде 15 миллион доллар кепілдендірілген гонорар болса, шамамен 17 миллион доллар демеушілік келісімдер мен медиақұқықтардан түскен төлемдер.
Ал жеңімпаз Макс Холлоуэйдің жалпы табысы 5 миллион долларды құрады. Оның 3 миллион доллары кепілдендірілген гонорар болса, қалған 2 миллион доллар түрлі бонустар мен қосымша төлемдер есебінен берілген.
Макгрегордың мансабындағы ең ірі табыс UFC-де емес, кәсіпқой бокста тіркелген. Ол 2017 жылы Флойд Мейвезерге қарсы өткен жекпе-жек үшін кепілдендірілген 100 миллион доллар алған.
Фото: UFC
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған