«Жанкүйерлердің бір қателігінен мансабым аяқталды»: Талгат Жайлауов өзіне жасалған оқыс жағдай туралы айтты
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы, «Барыс» командасының бапкері Талғат Жайлауов өзінің мансабына әуежайдағы апаттың қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Астана әуежайында Екатеринбургте «Автомобилист» командасымен плей-офф сериясынан кейін команда мүшелерін қарсы алған кезде жанкүйерлер Жайлауовты көтеріп, төмен құлатып алған. Сол сәтте ол басымен түсіп және есін жоғалтты.
Талғат Жайлауовтың айтуынша, бұл жарақат оның спорттың мансабына қатты әсер еткен.
«Ашығын айтсам, қатты әсер етті. Мен қалпына келіп, өз формама қайта орала алар едім. Бірақ ол үшін бір жыл қажет болатын. Сол кезде мен құрамамен бірге әлем чемпионатына баруды таңдадым. Егер қазір сол жағдайда болсам, бір жыл демалып, толық қалпына келуді таңдар едім. Сол кезде екі айдан кейін ел намысы үшін шайқасуға бардым. Сол себептен мансабымды құрбан еттім», - деді Талғат Жайлауов.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған