457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогын жеңіліспен бастады

Астананың «Барыс» хоккей клубы Башқұртстан Республикасы кубогындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Турнирдің ашылу ойынында қазақстандық команда алаң иесі – Уфаның «Салават Юлаев» клубымен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

«Барыс» сапындағы жалғыз шайбаның авторы Әлихан Өмірбеков атанды.

Башқұртстан Республикасы кубогында «Барыс» пен «Салават Юлаевтан» бөлек Хабаровскінің «Амуры» және Тольяттидің «Лада» клубтары да өнер көрсетуде. Турнир жеңімпазы айналым жүйесі бойынша анықталады.

Астаналық клуб келесі кездесуін 18 тамызда Хабаровскінің «Амур» командасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

 

Фото: "Барыс" ХК

Ең көп оқылған