457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барыс» «Амурдан» ірі есеппен жеңіліп қалды

Астананың «Барыс» хоккей клубы Башқұртстан Республикасы кубогы аясындағы екінші матчын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Маусым алдындағы турнирде қазақстандық команданың қарсыласы Хабаровскінің «Амур» клубы болды. Кездесу 5:1 (2:1, 1:0, 2:0) есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды.

«Амур» сапында Иван Климович пен Артем Шварев дубль авторы атанса, Александр Дергачев бір шайба соқты. «Барыстың» жалғыз голын Самат Данияр өз еншісіне жазды.

Негізгі уақыт аяқталғаннан кейін командалар буллиттер сериясында да бақ сынады. Бұл кезеңде де «Амур» 1:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, турнирдің алғашқы матчында «Барыс» Уфаның «Салават Юлаев» клубына 1:4 есебімен жол берген болатын. Ал «Амур» алғашқы ойында Тольяттидің «Ладасын» 5:0 есебімен жеңген еді.

Башқұртстан Республикасы кубогындағы соңғы кездесуін Михаил Кравец шәкірттері 20 тамызда «Ладаға» қарсы өткізеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Одан кейін «Барыс» 27-30 тамыз аралығында Санкт-Петербургте өтетін Николай Пучков атындағы турнирге қатысады.

Құрлықтық хоккей лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы алғашқы ойынын елордалық клуб 7 қыркүйекте өз айдынында Новосібірдің «Сібір» командасына қарсы өткізеді.

 

Фото: "Барыс" ХК

Ең көп оқылған