«Барыс» маусымалды дайындық аясында екі турнирге қатысады
Елордалық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2026/2027 жылғы маусымына толық құрамда дайындықты бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Маусымалды дайындық аясында «Барыс» 17-20 тамыз аралығында Уфа қаласында өтетін «Башқұртстан Республикасы кубогы» турниріне қатысады. Одан кейін астаналық клуб Санкт-Петербургте ұйымдастырылатын Николай Пучков атындағы турнирде бақ сынайды. Ал ҚХЛ жаңа маусымына дайындықтың соңғы кезеңі 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында «Барыс Аренада» өтеді.
Алдағы маусымда команданы бас бапкер Михаил Кравец жаттықтырады. Оның көмекшісі қызметін Талғат Жайлауов атқарады. Шабуылшылармен Александр Савченков, қорғаушылармен Евгений Королев жұмыс істейді. Ал қақпашыларды дайындау Константин Барулинге жүктелген.
2026/2027 жылғы ҚХЛ маусымына барлығы 22 команда қатысады. «Барыс» дәстүрлі түрде Шығыс конференциясында өнер көрсетеді.
Фото: "Барыс" ХК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған