«Барыс» ҚХЛ-дегі үш үй матчының басталу уақытын өзгертті
«Барыстың» ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы қыркүйекте өтетін үш үй матчы бастапқы жоспарланған уақыттан 30 минут ерте басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Матчтардың басталу уақытын өзгерту туралы шешімді ҚХЛ ҚХЛ ТВ арналарында телетрансляцияларды ұйымдастыру мақсатында қабылдады.
«Барыстың» қыркүйектегі матчтары
7 қыркүйекте елордалық клуб новосібірлік «Сибирьмен» кездеседі. Матчтың басталу уақыты Қазақстан уақытымен 19:30-дан 19:00-ге ауыстырылды.
9 қыркүйекте «Барыс» уфалық «Салават Юлаевқа» қарсы ойнайды. Кездесу де 19:30-дың орнына 19:00-де басталады.
12 қыркүйекте елордалықтардың қарсыласы хабаровскілік «Амур» болады. Матчтың басталу уақыты 17:00-ден 16:30-ға өзгертілді.
Осылайша, «Барыстың» қыркүйек айындағы үш үй матчы да бастапқы жоспарланған уақыттан 30 минут ерте басталады.
Фото: "Барыс" хк
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған