Мәзір
Хоккей

Жәния Бекмұхамбетова – WTT Youth Contender жеңімпазы

Сабина Асқарқызы 64 қаралым
Жәния Бекмұхамбетова – WTT Youth Contender жеңімпазы

Қазақстан құрамасының үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады malimsports.kz.

Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі (U13) санатта алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Жәния Үндістан өкілі Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, осы жас санатында өнер көрсеткен Назерке Болатбек ширек финалға дейін жетті.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар