457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін сәтті бастады

Жарыстың 8-ші нөмірлі ойыншысы болып тіркелген отандасымыз американдық Агасси Рашерден басым түсті.

17 жасар қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының екінші айналымында сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz ҚР теннис федерациясына сілтеме жасап. 
Жарыстың 8-ші нөмірлі ойыншысы болып тіркелген отандасымыз американдық Агасси Рашерді (ITF жасөспірімдер рейтингінде 94-орын) екі сетте тас-талқан етті – 6:2, 6:1. Кездесу бар-жоғы 1 сағат 6 минутқа созылды, бұл уақытта Нұрланұлы корттағы жағдайды толықтай өз бақылауында ұстады.
Осы табысының арқасында Заңғар Париждегі беделді Үлкен дулыға турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Ширек финал жолдамасы үшін ол Янник Альварес (Пуэрто-Рико) – Леонардо Шторк Франка (Бразилия) текетіресінің жеңімпазымен шеберлік байқасады.
Париждегі кортта бүгін Заңғар Нұрланұлына ерекше қолдау көрсетілді. Жас таланттың маңызды матчына Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов арнайы барып, трибунадан жеке өзі жанкүйер болды.

Фото: ҚТФ