457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының финалистері белгілі болды

Жартылай финалда Швеция құрамасы Финляндияны буллиттер сериясында 4:3 есебімен жеңді.

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында Швеция мен Чехия құрамалары ойнайды. Турнир АҚШ-тың Сент-Пол қаласында (Миннесота штаты) өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алғашқы жартылай финалда Швеция құрамасы Финляндияны буллиттер сериясында 4:3 есебімен жеңді. Бұл командалар қатарынан екінші рет жартылай финалда кездесті. Өткен жолы дәл осындай қорытынды есеппен буллиттер сериясында финдер жеңіске жеткен еді.

Екінші жартылай финалда Чехия құрамасы Канаданы сенсациялық түрде 6:4 есебімен ұтты. Ойын барысында есеп 2:2 болған сәтте канадалық Майкл Хэдж екі мәрте айып соққысын орындай алмады. Алғашқы соққы қақпашы тарапынан ереже бұзылғаны үшін есепке алынған жоқ. Чехия жеңіс шайбасын негізгі уақыттың аяқталуына 1 минут 14 секунд қалғанда соқты. Осылайша, Чехия құрамасы плей-офф кезеңінде Канаданы екінші жыл қатарынан жеңіп отыр.

Финал 6 қаңтарға қараған түні өтеді. Үшінші орын үшін матчта Финляндия мен Канада құрамалары кездеседі, ойын 0:30-да басталады.

Сарапшылар мен букмекерлік кеңселердің бағалауынша, Канада мен АҚШ турнирдің басты фавориттері болған. 2016 жылдан бері алғаш рет жастар арасындағы әлем чемпионатының финалы Солтүстік Америка құрамаларынсыз өтеді. 2020 жылдан бері турнир жеңімпазы тек Солтүстік Америка командалары болып келген. 2017 жылдан бері чемпиондық атақты еуропалық құрамалардан тек Финляндия ғана 2018 жылы жеңіп алған.

2013 жылдан бері турнирде Канада (5 рет), АҚШ (5 рет) және Финляндия (3 рет) құрамаларынан өзге ешбір команда чемпион атанбаған.

Канада құрамасы 2014 жылдан бері алғаш рет және өз тарихында екінші рет жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына қатарынан үшінші мәрте шыға алмады. Жастар арасындағы әлем чемпионатында плей-офф кезеңі 1996 жылдан бастап енгізілген.  

Фото: gettyimages