457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Хоккейден Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

7–13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында хоккейден жастар арасындағы А дивизионы арасындағы әлем чемпионаты өтеді.

 Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы топ-дивизионға жолдама үшін Франция, Австрия, Норвегия, Словения және Украина командаларымен күш сынасады.

22 қарашада «Барыс Аренада» ұлттық құраманың алғашқы оқу-жаттығу жиыны басталды. Хоккейшілер кеңейтілген құрамда жаттығу өткізіп, 29 қарашада Словенияға аттанады. Сол жерде команда дайындықтың екінші кезеңін жалғастырып, екі жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен, 2 желтоқсан  Норвегиямен,4 желтоқсан — Словениямен ойнайды.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын 7 желтоқсанда Украинаға қарсы өткізеді.

Қазақстан уақытымен толық ойын кестесі:

8 желтоқсан, 00:30 – Украина – Қазақстан

9 желтоқсан, 00:30 – Қазақстан – Словения

11 желтоқсан, 00:30 – Қазақстан – Франция

11 желтоқсан, 21:00 – Норвегия – Қазақстан

13 желтоқсан, 21:00 – Қазақстан – Аустрия.