457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионына шыққан Қазақстан құрамасы рейтингте көтерілді

Халықаралық хоккей федерациясы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Соған сәйкес Қазақстан құрамасы 17-орынға жайғасты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Рейтингтің көшін Финляндия құрамасы бастап тұр. Одан кейін Швейцария мен Норвегия командалары үздік үштікті түйіндеген. Ал үздік ондыққа Канада, Чехия, Латвия, Швеция, АҚШ, Словакия және Германия құрамалары енген.

Қазақстаннан бөлек үздік жиырмалыққа Австрия (11), Дания (12), Словения (13), Венгрия (14), Италия (15), Ұлыбритания (16), Украина (18), Франция (19) және Польша (20) құрамалары кірді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алдағы 2027 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында өнер көрсетеді. Бұған дейін Польшада өткен 2026 жылғы І дивизион А тобындағы жарыста Қазақстан мен Украина элитаға жолдама жеңіп алған болатын.

 

Фото: ҚХФ