457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Хоккей: Қазақстандық қыздар әлем чемпионатында қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы шайбалы хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатындағы үшінші ойында Қазақстан құрамасы турнир қожайындары – Түркия командасымен кездесті, деп хабарлайды malimsports.kz.

 Кездесудің алғашқы кезеңінде есеп ашылмай, тек екінші кезеңде ғана қазақстандық хоккейшілер төрт минуттың ішінде қарсыластар қақпасына үш шайба соқты.

34-минутта Қазақстан құрамасының қақпасына буллит белгіленіп, айдын иелері оны сәтті орындады. Ал үшінші кезеңде жерлестеріміз тағы екі шайба соғып, матчты 5:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Қазақстан – Түркия – 5:1

(0:0, 3:1, 2:0)

1:0 – 28:59 – Муравьева (Зубкова)

2:0 – 31:04 – Муравьева (Лившиц)

3:0 – 33:08 – Куклина (Муравьева, Емцева), ГБ

3:1 – 33:32 – Гёксал, Б

4:1 – 41:18 – Зубкова

5:1 – 52:14 – Лившиц (Муравьева, Емцева)

Қақпашылар: Яковлева – Окют

Келесі ойында Қазақстан құрамасы бүгін Нидерланд командасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен 18:30-да басталады. Тікелей эфир InHockey.tv сайтында көрсетіледі.

 

 

Фото: Хоккей федерациясы