457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

WBO Жәнібек Әлімханұлын допинг дауына байланысты жазаламады

Қайта сынама 8 қаңтар күні ашылады

Бүкіләлемдік бокс ұйымы – World Boxing Organization (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауына байланысты әзірге ешқандай жаза қолданбады.

WBO жаңартқан рейтингке сәйкес, «Қазақ стилі» лақап атымен танымал Жәнібек өз орнын сақтап қалды және чемпиондық белбеудің иесі болып қала беріп отыр. Бұл – Сан-Антониода өтуі тиіс, бірақ допинг дауына байланысты үлкен резонанс тудырған Эрисланди Ларамен жекпе-жектен кейінгі жағдай.

Алайда ұйым өкілдері В допинг-пробаның нәтижесі әлі ашылмағанын атап өтті. Қайта сынама 8 қаңтар күні ашылады. Сол кезде ғана Жәнібек Әлімханұлының толық ақталатыны немесе кінәлі екені нақты белгілі болады.

Егер екінші сынама да оң нәтиже көрсетсе, WBO боксшыны дисквалификациялау және чемпиондық белбеулерінен айыру мәселесін қарастырады.

Сонымен қатар, WBO желісі бойынша Жәнібек Әлімханұлының келесі міндетті қарсыласы да анықталуы мүмкін. Үміткерлер қатарында - Эндри Сааведра,

немесе үш жыл бұрын Жәнібекке жеңілген Дензел Бентли бар.

Олардың арасындағы жекпе-жек әзірге ресми түрде жарияланбағанымен, ұйымдастыру кезеңінде екені белгілі.

Осылайша, допинг дауына қарамастан, Жәнібек Әлімханұлы әзірге чемпион мәртебесін сақтап тұр. Барлық шешім енді 8 қаңтарда жарияланатын В сынаманың нәтижесіне тікелей байланысты болмақ.

Фото: instagram/janibek_alimkhanuly