457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Торпедо» хоккей клубы Континенталды кубоктың күміс жүлдегері атанды

Өскемен қаласының «Торпедо» хоккей клубы өз тарихында алғаш рет Континенталды кубокта күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

2025–2026 жылғы маусымның шешуші ойындары Англияның Ноттингем қаласында өтті. Финалдық кезеңде өскемендік команда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, табандылығы мен мінезін айқын көрсете білді.

Атап айтқанда, «Торпедо» Данияның «Хернинг Блю Фокс» клубын 6:2 есебімен айқын жеңді. Ал Францияның «Дюк д’Анже» командасымен болған тартысты кездесуде овертаймда ғана 2:3 есебімен жол берді. Ал чемпиондық атақ сарапқа салынған матчта қазақстандық ұжым алаң иелері — «Ноттингем Пантерз» командасымен кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліс тапты. Турнир қорытындысы бойынша «Торпедо» екінші орынды иеленді, деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл – клуб тарихындағы Континенталды кубоктағы ең жоғары жетістік. Бұған дейін өскемендік хоккейшілердің ең үздік көрсеткіші 2007–2008 жылғы маусымда еншілеген қола жүлде болатын.

 

 

Фото: «Торпедо» ХК баспасөз қызметінен