457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Торпедо» Континенталдық кубоктың күміс жүлдегері атанды

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы өз тарихында алғаш рет Континенталдық кубоктың күміс жүлдесін иеленді.

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы өз тарихында алғаш рет Континенталдық кубоктың күміс жүлдесін иеленді. 2025-2026 жылғы маусымның финалдық кездесулері Англияның Ноттингем қаласында өтті, деп хабарлайды malimsports.kz

Турнирдің шешуші кезеңінде өскемендік команда жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, нағыз мінез таныта білді. «Торпедо» даттың «Хернинг Блю Фокс» клубын 6:2 есебімен сенімді түрде жеңсе, Францияның «Дюк Д’Анже» командасымен өткен тартысты ойында овертаймда ғана 2:3 есебімен есе жіберді.

Ал алтын жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандық клуб алаң иелері - «Ноттингем Пантерз» командасымен шеберлік байқасты. Турнир қорытындысы бойынша «Торпедо» жүлделі екінші орынды иеленді.

Бұл клуб тарихындағы Континенталдық кубоктағы ең үздік нәтиже. Бұған дейін өскемендік хоккейшілердің ең жоғары жетістігі 2007-2008 жылғы маусымда жеңіп алған қола жүлде болатын.

Континенталдық кубоктағы күміс медаль «Торпедо» үшін ғана емес, жалпы қазақстандық хоккей үшін де маңызды жетістік. Бұл нәтиже клубтың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілетті екенін айқын дәлелдеді.

Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі