457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев Astana Team жас хоккейшілерін жеңісімен құттықтады

Оның сөзінше, мемлекет басшысы қазақстандық клубтың сенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Оның сөзінше, мемлекет басшысы қазақстандық клубтың сенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді. Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді»,- деп жазды ол Telegram-арнасында.

Фото: Ақорда