457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шайбалы хоккейден жастар құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

Қазақстан жастар құрамасы 7-13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында өтетін әлем чемпионатының бірінші дивизионында бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл турнирде А тобында ел құрамасы Украина, Франция, Норвегия, Аустрия және Словениямен кездесу өткізіп, Элиталық дивизионға жол ашатын жалғыз жолдаманы сарапқа салады.

Ойын кестесі (Астана уақытымен):

7 желтоқсан, 23:30 – Украина – Қазақстан

8 желтоқсан, 23:30 – Қазақстан – Словения

10 желтоқсан, 23:30 – Қазақстан – Франция

11 желтоқсан, 20:00 – Норвегия – Қазақстан

13 желтоқсан, 20:00 – Қазақстан – Аустрия

Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Тәңірхан Алпысбаев (Wind City / Tri City Storm, AAA), Дәулет Қуат («Снежные Барсы»), Дмитрий Ряшин («Снежные Барсы»)

Қорғаушылар: Дамир Бритиков, Нұрислам Зияш, Санжар Ибрагим, Мстислав Шипилин («Снежные Барсы»), Мәжит Имашев (Elite Hockey Academy), Александр Макаров, Руслан Түсіпбеков, Игнат Шевченко («Номад»), Дмитрий Рязанов («Горняк»)

Шабуылшылар: Абзал Әлібек (Philadelphia Rebels, NAHL), Виталий Божко, Тимофей Симонов («Сарыарқа»), Роман Двуреченский, Кәрім Қажыбеков, Александр Перкин, Александр Симахин («Снежные Барсы»), Корней Корнеев (Victoriaville Tigres, QMJHL), Тимур Меңдібаев («Номад»), Әлішер Сәркенов (Prince Albert Raiders, WHL), Асанәлі Сәркенов (Spokane Chiefs, WHL), Матвей Умеренков («Ладья», МХЛ), Семен Черкасов («Красноярские Рыси», МХЛ).

 

 

Фото: Хоккей федерациясы