Мәзір
Хоккей

Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрам жарияланды

Сабина Асқарқызы 65 қаралым
Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрам жарияланды

2026 жылғы 4 қаңтарда 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Өскемен қаласында IIA дивизионындағы әлем чемпионатына дайындық аясында оқу-жаттығу жиындарының алғашқы кезеңін бастайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлем біріншілігі 19-24 қаңтар аралығында Түркияның Стамбул қаласында өтеді. Дайындық жиындарына Алматы, Қарағанды, Астана және Өскемен қалаларынан іріктелген хоккейшілер қатысады. Құрама сапындағы спортшылардың жасы 14 пен 17 жас аралығында.

Оқу-жаттығу жиындарының нәтижесі бойынша жаттықтырушылар штабы әлем чемпионатына қатысатын кеңейтілген құрамды анықтады.

Қақпашылар: Раксалана Мамешева, Арина Павловская (екеуі де – «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Мария Яковлева («Торпедо», Өскемен);

Қорғаушылар: Зере Жумаш, Анастасия Фомина (екеуі де – «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Ева Иншакова, Ульяна Куклина (екеуі де – «Торпедо», Өскемен), Рената Лившиц, Калима Нигматуллина, Виолетта Тимон (барлығы – «Юность Грация», Қарағанды);

Шабуылшылар: Медина Берікова, Аяулым Бралина, Эвелина Емцева, Регина Какаулина, София Муравьева, Анфиса Новикова, Василиса Шуклина (барлығы – «Айсұлу Таңдаулы», Алматы), Алина Жакулина, Анна Климова (екеуі де – «Юность Грация», Қарағанды), София Зубкова, Томирис Саяхатқызы, Злата Попова, Айдана Рахатқызы (барлығы – «Торпедо», Өскемен).

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар