Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы екі дүркін Азия чемпионы атанды
Қазақстанның хоккей құрамасы Қытай астанасы Бейжіңде өткен Азия чемпионатында топ жарды. Талғат Жайлауов жаттықтыратын құрама шешуші ойында Жапонияны 4:3 есебімен ұтып, құрлықтың үздігі атанды.
Матч өте тартысты өтті. Бірінші кезеңде екі команда да бір-бірден шайба соқты. Алдымен, 6-минутта Кирилл Ляпунов Қазақстанды алға шығарды, 18-минутта жапондық Мадока Судзуки есепті теңестірді. Екінші кезеңде айдындағы басымдық толық Қазақстанға өтті.
Отандастарымыз үш шайба соғып, бір ғана жауап гол жіберді.
Атап айтсақ, 22 және 30-минуттарда Роман Старченко дубль жасады, 26-минутта Александр Борисевич мергендік танытты.Жапония атынан Ю Сато 25-минутта есепті қысқартқан.
Үшінші кезеңде жапондар шабуылды күшейтіп, 56-минутта Масато Окубо тағы бір шайба енгізді. Алайда бұл жеңімпазды анықтауға жеткіліксіз болды.
Матч нәтижесі:
Қазақстан – Жапония – 4:3
Бұл жеңіспен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алтын медалін иеленді. Бұған дейін біздің команда Оңтүстік Кореяны 4:2, Қытайды 5:1 есебімен ұтқан болатын.
Айта кетейік, биыл ұлттық құрама жаңа бас бапкермен өнер көрсетіп жатыр. Қазақстан хоккейінің аңыз тұлғасы Талғат Жайлауов осы турнир қарсаңында бас бапкерлікке тағайындалған еді.
Оның жетекшілігімен команда алғашқы халықаралық жарысынан-ақ жарқын нәтижеге қол жеткізді.
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған