Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогіне қатысады
Бүгін Қазақстан құрамасы Новосібір қаласына аттанады. Ұлттық құрама 11 желтоқсанда Бірінші арна кубогындағы өнерін 3х3 форматындағы турнирден бастайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бапкерлер штабы турнирге қатысатын құрамды жариялады. Сонымен қатар қорытынды тізімге өзгеріс енгізіліп, ұлттық құрама қатарына «Барыс» клубының қорғаушысы Бейбарыс Оразов қосылды.
Құрам:
Қақпашылар: Никита Бояркин («Барыс»), Роман Калмыков («Номад»), Владислав Пестов («Торпедо»).
Шабуылшылар: Олег Бойко, Саян Данияр (екеуі де – «Номад»), Александр Борисевич, Артем Лихотников (екеуі де – «Сарыарқа»), Андрей Буяльский («Полония Бытом», Польша), Максим Мусоров («Торпедо»), Роман Старченко, Вячеслав Колесников, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Руслан Оспанов (барлығы – «Барыс»), Оскар Юлбарисов («Горняк»).
Қорғаушылар: Тамирлан Гайтамиров, Артем Королев, Бейбарыс Оразов (барлығы – «Барыс»), Мәди Диханбек, Кирилл Никитин (екеуі де – «Номад»), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко (екеуі де – «Сарыарқа»), Федор Хорошев («Торпедо»).
Бапкерлер штабы:
Бас бапкер – Талғат Жайлауов
Бапкерлер – Константин Пушкарев, Андрей Корабейников
Қақпашылар бапкері – Александр Кудрявцев
Фото: Хоккей федерациясы
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған