Мәзір
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады

Сабина Асқарқызы 103 қаралым
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады

Қазақстанның әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Команда Испанияның Пучсерда қаласында өтетін IB дивизионындағы әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Жиынның алғашқы кезеңі 1 сәуірде аяқталып, одан кейін ұлттық құрама жарыс өтетін елге аттанады.

Кеңейтілген құрамға қақпашылар, қорғаушылар және шабуылшылар қатарынан бірқатар хоккейші шақырылды. Сонымен қатар «Айсұлу» клубының бірнеше ойыншысы әйелдер арасындағы Еуропа лигасының (EWHL) плей-офф кезеңіне қатысып жатқандықтан, олар командаға Испаниядағы жиын барысында қосылады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 12–18 сәуір аралығында өтеді. Қазақстандық хоккейшілер топтық кезеңде Латвия, Нидерланд, Корея, Ұлыбритания және Испания құрамаларымен кездеседі.

 

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар