457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шайбалы хоккейден ел чемпионатының финалистері белгілі болды

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінде финалға шыққан командалар анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жартылай финалдағы шешуші бесінші матчта Өскеменнің «Торпедосы» өз алаңында Қарағандының «Сарыарқа» командасына овертаймда 1:2 есебімен есе жіберді.

Кездесуде қонақтар сапынан Эдгарс Сиксна мен Евгений Королинский шайба соғып, командасын жеңіске жеткізді.

Осылайша, «Сарыарқа» финалға жолдама алған екінші ұжым атанып, алтын медаль үшін «Номад» командасымен кездеседі.

Айта кетейік, жартылай финал сериясы 4:1 есебімен «Сарыарқаның» пайдасына аяқталды.

 

Фото: ligasy.kz