457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Рыбакина Australian Open-тен кейінгі алғашқы турнирін жеңіспен бастады

Әлемдік WTA рейтингінде үшінші орында тұрған қазақстандық теннисші жарыста екінші нөмірмен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард жабындысындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz

Әлемдік WTA рейтингінде үшінші орында тұрған қазақстандық теннисші жарыста екінші нөмірмен бастады. Себебі әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко Доха турниріне қатысқан жоқ.

Рыбакина алғашқы айналымнан автоматты түрде өтіп, екінші кезеңде қытайлық Ван Синьюймен (әлемнің 33-ракеткасы) кездесті.

Матч екі сетке ғана созылып, 6:2, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Кездесу 1 сағат 20 минутқа жалғасты.

Ойын барысында Рыбакина екі эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші америкалық Алисия Паркс пен қытайлық Чжэн Циньвэнь арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Дохадағы турнир Рыбакина үшін Australian Open жарысынан кейінгі алғашқы дода болып отыр. Ол Мельбурнде өткен турнирде мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алған болатын.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бұл жеңіс Рыбакинаның WTA деңгейіндегі мансабындағы 400-жеңісі болды.

Фото: ҰОК